Қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайтын литвалық «Жальгирис» УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші туры аясында сырт алаңда «Слованмен» тең ойнады (0:0).
Қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен «Жальгиристің» қосалқы құрамына енгенімен, алаңға шықпады.
Ал «Слованды» қазір «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жаттықтыруда және бұл кездесуге «Астананың» экс-ойыншысы Тигран Барсегян мен Ақтөбе облысының тумасы Юрий Медведев қатысты.
Еурододадағы келесі ойынды қазақстандық маман Владимир Чебуриннің командасы 15 қыркүйекте швейцариялық «Базельге» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET