Жарнама
Жарнама

Қазақстандық бизнесмен Талғат Байтазиев Чехияның "Славия" футбол клубын сатып алуды жоспарлап отыр

11.01.2015, 00:47
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық бизнесмен Талғат Байтазиев Чехияның "Славия" футбол клубын сатып алуды жоспарлап отыр. Ол өткен жылдың желтоқсанында клубтың басшылығымен келіссөздер жүргізді. 
Қорытынды шешім биыл көктемге қарай шығарылуы тиіс. Байтазиев клубпен қоса, 2008 жылы ашылған 21 мың орындық "Эден Арена" стадионын да сатып алмақшы.
Бұл стадион әзірге Чехиядағы ең үлкен футбол алаңы. 2013 жылы мұнда УЕФА Суперкубогының матчы өткен болатын.
48 жастағы атыраулық кәсіпкер Талғат Байтазиев өмір бойы мұнай саласында кәсібін дөңгелетіп келеді. Ол бірқатар мұнай компаниясын басқарған. Нақтырақ айтсақ, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-інің коммерциялық директоры, "ҚазМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазақ баспасөзінде оның есімі қазақ миллиардері немесе олигархы деп жазылады. Алайда, әлі күнге оның байлығын жариялаған бірде-бір басылым жоқ екен.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров