Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футбол клубына 223 миллион теңге айыппұл салынды

26.08.2020, 02:18
Биылға бөлінген бюджеттің 30%-ын айыппұл ретінде төлейтін болды.
Жарнама
Жарнама

«Ақжайық» футбол клубына қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы айыппұл салды.

Спорт шенеуніктері «Ақжайық» футбол клубы қосымша құн салығы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тіркелмегенін атап өтті.

- Екі жыл бойы «Ақжайық» ФК Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелмеген. Бұл үшін клуб әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 223 миллион 794 мың теңгені құрады. Бұл сома әлі өтелмеген. Азаматтық заңнамаға сәйкес, ЖШС мұндай қарыздарды өз бетінше төлеуі керек. «Ақжайық» ФК жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруына берілді. Оның өзі айыппұлды төлеу үшін шара қолдануы керек. Бұл мақсатқа бюджеттік қаражат бөлінбейді, - деді Жеңіс Нығматуллин, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

Биыл «Ақжайық» ФК бюджеті 702 миллион теңгені құрады. Бұл ақша Футболдан Қазақстан Чемпионатының Бірінші лигасында ойнайтын клуб пен жастар құрамасын қолдауға жұмсалады. Айта кету керек, маусымның басынан бері Бірінші лигада ойындар болған жоқ. Алайда, футболшылар жалақы алып отырған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров