Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы испаниялық клубпен келісім-шартын бұзды

17.12.2021, 17:08
Клуб басшылығы футболшыға Испанияда тұруға рұқсат алып бере алмаған.
Жарнама
Жарнама

Sports.kz сайтына белгілі болғандай, 21 жастағы қазақстандық футболшы Дмитрий Бачек испаниялық «Антекера» клубынан кетті.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, келісім-шарт ойыншының қалауы бойынша бұзылған. Себебі клуб басшылығы қазақстандыққа Испанияда тұру үшін биліктен рұқсат алып бере алмаған.

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Побленседен» «Антекераға» ауысқан Қарағанды ​​футболының түлегі, Қазақстан U-21 жасөспірімдер құрамасының бұрынғы футболшысы Дмитрий Бачек осы клуб сапында 5 матчқа қатысты. Transfermarkt қазір бұл ойыншыны 100 мың еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров