Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы македониялық клубқа ауыспақ

08.09.2022, 17:15
Жас футболшы бұған дейін Испанияның екі командасында доп тепкен.
Жарнама
Жарнама

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Дмитрий Бачек жақын арада македониялық «Скопье» командасаны ауысады деп күтілуде.

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы осы маусымда «Ақсу» командасында доп теуіп, қосалқы құрамның ойыншысы болған, ендігі кезекте Қарағанды футболының түлегі Македонияның жоғарғы лигасында өнер көрсететін болды.

Дмитрий «Ақсу» клубына осы маусымның басында қосылған еді. Содан бері павлодарлық клубта 9 матч өткізіп, 1 сары қағаз алды.

Бачек бұған дейін Испаниядағы «Побленсе», «Антекера» командаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров