Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Сербиялық клубқа ауысты

13.07.2020, 22:24
Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған футболшы Изат Құлжанов Сербияның «Раднички Пирот» командасына ауысты.
Жарнама
Жарнама

Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодардың «Ертіс» клубы футболдан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартқаны және клубта қаржылай қиыншылықтар бар екені туралы хабарлаған болатынбыз.

18 жастағы Изат Құлжанов – Ақсу футбол мектебінің түлегі. 2009 жылы белгілі спорт бапкері Манарбек Қасеновтің қол астында жаттығу жасады. Кейін «Ертістің» жастар командасына алынды. Бірнеше рет Қазақстан жастар құрамасына шақыртылған. 2019 жылы Павлодар клубы сапында 32 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Изат жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Изат Құлжановтың жаңа командасы «Раднички Пирот» Сербияның бірінші лигасында ойнайды. Ұжым былтыр лиганы 13-ші орында аяқтаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров