Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатындағы дебюттік голын соқты

04.10.2021, 19:05
Меркельдің командасы қарсыласын ірі есеппен жеңді.
Жарнама
Жарнама

Құрамында Александр Меркель өнер көрсететін «Газиантеп» Түркия Суперлигасының 8-туры аясында «Алтаймен» кездесті. Матч 4:1 есебімен «Газиантеп» клубының пайдасына шешілді.

29 жастағы жартылай қорғаушы негізгі құрамда шығып, ойынның 57-минутында Түркия чемпионатындағы дебюттік голын соқты. Ал 20 минуттан кейін алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

Меркель Түркия Суперлигасында 7 матч өткізіп, 1 голмен көзге түсті.

Осы жеңістен кейін «Газиантеп» 11 ұпаймен 12-ші орынға көтерілді. Ал «Алтай» 15 ұпаймен бесінші сатыда келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров