Жарнама
Жарнама

Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

01.09.2020, 22:17
«Қайратқа» қиын қарсылас түсті.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 31 тамызда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе қорытындылары белгілі болған еді. Ал бүгін үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Егер Алматылық "Қайрат" клубы екінші іріктеу кезеңінен өтсе, оның келесі қарсыласы Ресейлік "Ростов" болмақ. Шпилевский шәкірттері бұл матчты сырт алаңда ойнайтын болады.

Ал "Астана" клубын үшінші кезеңде босниялық "Сараево" клубы күтетін болады. Бас бапкерсіз жүрген "Астана" бұл матчты Боснияда өткізеді екен.

Қызылордалық "Қайсар" келесі кезеңге өткен жағдайда "Олимпия" / "Зриньски" жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұл матч та Қазақстанда өтеді деп күтілуде.

Осы матчтарың барлығы да 24 қыркүйекке жоспарланған. Жеңімпаз бір матчтың қорытындысы бойынша анықталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров