«Қызыл-Жар СК» командасының бас бапкері Вячеслав Руснак «Оқжетпестен» жеңілгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш жазды, деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет.
«Клуб басшылығы оны қабылдады ма, жоқ па, ол әлі белгісіз. Сірә, бұл мәселе бойынша шешім дүйсенбіде қабылданатын шығар», - деп жазды ол.
«Қызыл-Жар СК» ҚПЛ-дің 13-турында «Оқжетпеске» (1:2) есе жіберген болатын. Осы сәтсіздіктен кейін Петропавлдық клуб сегіз ұпаймен 10-орынға тұрақтады. 45 жастағы молдовалық маман қазақстандық команданы жыл басында қабылдаған еді.
Өткен маусымда «Қызыл-Жар СК» бірінші лиганың жеңімпазы атанып, ҚПЛ-ға тікелей жолдама алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET