Вячеслав Руснак "Қызыл-Жар СК" футбол клубының бас бапкері болып қала береді.
Петропавлдық клуб Премьер-лиганың 13-туры аясында "Оқжетпеске" есе жіберген болатын (1:2). Ойыннан кейін Руснак отставкаға кетту туралы өтініш жазыпты.
Алайда, "Қызыл-Жар" клубының басшылығы оның өтінішін қабылдамады. Молдовадан келген маман Петропавлдық клубтағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды журналист Айдын Қохажмет.
45 жастағы Руснак жыл басында команданың бас бапкері болып тағайындалған еді. Қазіргі уақытта "Қызыл-Жар СК" сегіз ұпаймен турнирлік кестеде оныншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET