Қазақстандық команда шетелден ұсыныс түсіп отырған футболшысын жібергісі жоқ

26.11.2023, 22:32


“Қызыл-Жар” ФК Еркін Тапаловтың Түркияға кеткенін қаламайды. Петропавлдық ұжым өз көшбасын қалайда болсын командада қалдырудың жолдарын қарастыруда.

Кей деректерге сенсек, “Қызыл-Жар” Тапаловтың жалақысын екі есеге көбейтуге дайын екен. 

Еске салайық, Еркінге Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін “Манисаспор” ұжымы қызығушылық білдірген еді. Дәл қазіргі сәтте футболшы мен команда бір мәмілеге келу жайын ойластырып отыр.


✅ ҚПЛ өткен маусымында Тапалов жалпы алғанда “Қызыл-Жар” үшін 24 ойын өткізді.