Жарнама
Жарнама

Қазақстандық ойыншы мансабын Кипр чемпионатында жалғастырады

13.09.2020, 23:16
«Эрмис» Кипр суперкубогын жеңіп алған екен.
Жарнама
Жарнама

«Қайсар» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Магомед Парагульгов жақын күндері Кипрдің «Эрмис» клубымен келісімшартқа отырады.

26 жастағы футболшының жақында "Қайсар" сапынан кеткендігі жайлы хабарланған болатын. Парагульгов жаңа клубпен келісімшартқа отыру үшін Кипрге ұшып кетті.

"Эрмис" клубы Арадиппу қаласының атынан шығады және 1958 жылы құрылған. Өткен маусымның қорытындысы бойынша "Эрмис" Кипр чемпионатының жоғарғы дивизионына шыққан болатын. 2014 жылы Кипр Кубогының финалында ойнады. Сол жылы "Эрмис" Кипр Суперкубогын жеңіп алып, Еуропа Лигасы турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Парагульгов өткен қыста "Ертістен" "Қайсарға" ауысқан еді, бірақ негізгі құрамнан орын таба алмады. 2018 жылы ол Қазақстан құрамасында екі матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров