Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы украиналық клубқа ауысты

14.07.2022, 00:04
Қақпашы осы маусымды «Тобыл» сапында бастаған еді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Тобылдың» 34 жастағы экс-қақпашысы Дмитрий Непогодов украиналық «Чорноморецке» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ойыншы украиналық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Еске салайық, 2017 жылдың қаңтарынан бері Дмитрий Непогодов «Тобыл» (67 матч), «Астана» (33 матч) және «Ордабасы» (39 матч) сынды қазақстандық клубтарда өнер көрсетті.

Ағымдағы маусымда қақпашы қостанайлық клубтың намысын қорғап, ел чемпиондары үшін небәрі 2 матч өткізді.

Сондай-ақ Премьер-лигада өнер көрсету арқылы Непогодов Қазақстан азаматтығын алып үлгерді. 2018 жылы Қазақстан құрамасының сапында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы ойында (1:2) дебют жасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров