Армения кубогінің жартылай финалдық кездесуінде «Нораванк» «Араратты» 2:1 есебімен ұтты.
27 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский негізгі құрамда шығып, толық ойын өткізді. Сонымен қатар Тимур кездесудің екінші минутында-ақ өз командасын алға шығарды. Бұл қазақстандық ойыншының «Нораванктегі» дебюттік голы болды.
Осылайша, «Нораванк» Армения кубогінің финалына шықты. Ақтық сында Рудосельскийдің командасы «Урарту» – «Ван» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET