Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жасөспірім бразилиялық футбол клубымен млн еуроға келісімшартқа отырды

06.10.2011, 22:09
Жарнама
Жарнама
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 15-і. BNews.kz – Алматы облысы Крупское ауылынан шыққан қазақстандық жасөспірім Рауан Сариев млн еуроға бразилиялық «Атлетико Минейро» футбол клубымен үш жылға келісімшартқа отырды. «Литер» газетінің хабарлауынша, «Атлетико Минейро» клубы қазіргі уақытта Бразилия чемпионатының Жоғарғы лигасында 16-шы орында. Хабарланғандай, Р. Сариев бала кезінен шыныққан. Үйден 5 шақырым жердегі стадионға ағасы екеуі жаяу жүріп, ал әкелері машинамен арттарынан жүріп отырған көрінеді. Жаттығу жұмыстары жазда да, қыста да тоқтаған емес. 7 жасынан ол Киров ауылындағы Балалар-жасөспірім мектебінде оқып, кейін Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған спорт интернатына ауысқан. Әрі қарай «Жетісу» жоғарғы лигасы командасының дублері болды. Р.Сариев пен тағы 25 қазақстандық жеткіншек «Оле Бразил клубына» екі елдің президенттері қол қойған үш жылдық қазақстандық-бразилиялық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасының арқасында түскен. Фото www.liter.kz сайтынан
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров