Жарнама
Жарнама

Қазақстанға футбол ойнауға келген Нигериялық жігіт аяғынан айырылды

22.09.2020, 16:30
Футбол ойнауға келген жігіт қшрылыс алаңында жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

Нигерия азаматы Эммануэль Оджебобо Алматыдағы құрылыс алаңында жарақат алды.

Нигерия азаматын бетон плита басып қалды. 18 жастағы шетелдік азамат бақытына орай аман қалды, бірақ аяғынан айырылды. Оған Қазақстандық қамқоршы адамдар емделу ақысын төлеуге көмектесті. Бірақ қазір африкалық көшеде қалды. Оның баспана үшін төлейтін ақшасы жоқ. Сонымен қатар, протез жасатуға көп мөлшерде ақша қажет.


Эммануэль 18 жаста. Жігіт Алматыға футбол мансабын құру үшін келген. Ол қазақстандық клубтарда ойнауды жоспарлаған. Бірақ Оджебобо футбол ойнаудың орнына бөтен елде өмір сүру үшін құрылыс алаңына жұмысқа баруға мәжбүр болды. 5 қыркүйекте құрылыс нысандарының бірінде төтенше жағдай орын алды. Африкалық екінші қабаттан құлап, ал оның үстіне бетон плита түскен екен.

Оңалтудың бірінші кезеңі бірнеше айға созылады. Содан кейін жігітке протез сатып алу керек, оның құны шамамен 20 мың доллар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров