Бүгін Қазақстанның алты дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасы үшін ең көп матч өкізген футболшы Самат Смаков 42 жасқа толды.
Самат футболшы ретіндегі мансабын 1997 жылы "Елімай" клубынан бастады. Араға бір жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. Одан кейін "Ертіс" (Қазақстан чемпионы, 1999 ж), Ресейлік "Ростсельмаш", "Жеңіс", "Елімай", "Қайрат" (Қазақстан чемпионы, 2004 ж), "Ақтөбе" (Қазақстан чемпионы 2007, 2008, 2009 жж), "Ризеспор", "Ордабасы" клубтарында өнер көрсетті.
Ал 2000-2016 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы үшін 76 матч өткізіп 2 гол соқты. 2018 жылы мансабын аяқтады.
2018-2019 жылдар аралығында "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры болып қызмет атқарды.
Біздің серіктес: FONBET