Жарнама
Жарнама

Қазақстанның болашақ жұлдыздары

02.02.2014, 21:44
Жарнама
Жарнама
Футбол - әлемдегі қызықты әрі ең көп жанкүйері бар спорт түрі. Жасыл алаңдағы 90 минуттық ойынды тамашалау үшін көрермендер әр елден әлемнің түкпір-түкпіріне келіп жатады. Дегенмен оған кез-келген адамның жағдайы жете бермесі анық. Бірі Сантьяго Бернабеу, бірі  «Камп Ноу», бірі  «Стэмфорд Бридж» секілді сәулеті мен сәні келіскен ғажайып жасыл алаңдарды көруді армандайды. Ал сол алаңның көрігін қыздырушы, әрине, футболшылар. Оларсыз бұл алаңдардың түк те қажеті жоқ.  Әр ел өз футболшыларымен мақтанады, өз таланттарын құрметтейді. Ал сол футбол жұлдыздары бірден әлемнің назарына іліккен жоқ. Бағы мен бабы келіскен ойыншылар әлемнің үздік клубтарында өнер көрсету бақытына ие болуда. Бразилия, Германия, Англия, Португалия, Голландия, Ресей, Польша, Украина секілді футболы қарқынды дамыған елдердің футболшылары жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларына айналып үлгелі қашан ?! Ал бізде ше ? Бізде де мұндай талантты футболшылар жетерлік. Бірақ тасада қалып қойып жатыр көпшілігі. Егер сол жастарымыз елеп-ескерілетін болса олардың да әлем футболында жасындай жарқылдауға толық мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезде керемет ойынымен футбол мамандарының назарына іліккен, жас болса да бас болып жүрген қазақстандық 15 футболшыны назарларыңызға ұсынбақшымыз. Сонымен қарсы алаңыздар: 1. Роман Мұртазаев (20 жас ) Қарағандылық "Шахтер" сапында 16 ойын өткізіп, 3 голдың авторы атанып үлгерді. Еуропа Лигасының топтық кезеңінде "Скендербеу" командасына гол соққан. Қазақстанның жастар құрамасында 14 ойында, 5 голды өз еншісіне жазған. 2. Бауыржан Исламхан (20 жас) Еліміздегі ең танымал жас футболшылардың бірі десек болады. "Тараз" футбол мектебінің түлегі жергілікті команда сапында 49 ойын өткізіп, 6 гол соққан. 2013 жылдың ақпан айында ресейлік  «Кубань» клубының ойыншысы атанған Бауыржан, жаңа командасында алаңға шыға алмады. Ақыры жас футболшыны Елордалық "Астана" жалға алып, оның қайта көсілуіне мүмкіндік берді. 7 мәрте жасыл алаңға шығып, 1 рет мергендігімен көзге түсті. Бауыржан бүгінгі таңда Қазақстан жастар құрамасының капитаны әрі қозғаушы күші. Фото с сайта com-cup.com 3.Георгий Жуков (19 жас) Семей қаласының тумасы Бельгия жерінде көпшілікке танымал «Беерсхот» және«Стандард» клубтарында доп тепкен. Алайда жасыл алаңға жиі шыға бермейтін Георгий Елордалық «Астана» сапына ауысып келді. Бельгия жастар құрамасының сапында 3 ойын өткізді. Қазіргі кезде Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы. 4. Тоқтар Жаңғылышбай (20 жас) Кеншілер қатарында лимит жүйесі бойынша алаңға шығып жүрген ойыншылардың бірі Тоқтар Жаңғылышбай болашағынан мол үміт күттіретін футболшы. 18 рет Ел біріншілігінде бой көрсетіп, 1 мәрте қарсылас қақпасына гол соққан. Қазақстан жастар құрамасында 6 ойында қос голды өз еншісіне жазды бұл ойыншы. Кумыков мырза бұл футболшыны біртіндеп негізгі ойыншыға айналдырмақ ниетте. 5. Жақып Қожамберді (21 жас) Ақпан айында 22 - ге толатын Тараз футбол мектебінің түлегі Жақып Қожамберді Арно Пайперстің командасындағы сүйікті ойыншыларының бірі. Жартылай қорғаушы шебінде ойнап жүрген Жақып 8 рет команда жейдесін киіп, 2 гол соғып жаңа бапкердің сенімінен шығып үлгерді. Тараз талантты футболшыларды түлеткен тарихи өңір. Ендеше тағы да бір талантты футболшының қадамына сәттілік тілейміз!   Жакып Кожамберды: «У нас весь тренировочный процесс проходит в игровом плане» 6. Әлішер Сүлей (18 жас) Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Әлішер де Тараз өңірінің тумасы. 17 жасында Премьер Лигада доп тепкен қазақстандық ең жас футболшы. 12 ойын алаңда бой көрсетіп, футбол мамандарының оң бағасын алды, гол да соқты. Қостанайлық "Тобыл" жас шабуылшының болашағына сеніммен қарайды. 7. Станислав Лунин (20 жас) Лунин футбол әлеміне үлкен қадаммен аяқ басқан футболшы. Алғашқы өнер көрсеткен командасы өскемендік «Восток» футбол клубы. Дубльде жүрген шабуылшы 4 ойында 3 гол соғып, командаға шақырту алды.  2012 жылы "Шахтерге" ауысты. Еншісінде 28 ойын, 3 гол бар. 8. Айбар Нұрыбеков (21 жас) 21 жасар Атырау футбол мектебінің түлегі Айбар Қазақстан Прмьер Лигасында әдемі ойындарымен көзге түсіп жүрген талантты жас футболшылардың қатарында деуге толық негіз бар. Қырағылығымен, алаңды көре білуімен ерекшеленетін бұл футболшыға түркиялық клубтар да қызығушылық білдірген болатын. Айбар Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алып, бірнеше ойындарға да қатысып үлгерді. 9. Стас Покатилов (21) Стас Покатилов қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Бүгінгі таңда жас қақпашылардың көшін бастап тұр. 2010-2013 жылдар аралығында оралдық "Ақжайық" командасында ойнап, кейін қарағандылық  Шахтёр сапына ауысты. Жаңа командасында 1 нөмірмен өнер көрсеткен қақпашы әрқашан бірінші болуға талпынды. Маңызды ойындарда Мокин қақпаны күзетсе, Стас алаңға ара-тұра шығып тұрды. Кейін кеншілер Стасқа да зор сеніммен қарай бастады. Еуропа Лигасында 2 ойында алаңға шықты. Әсіресе  "АЗ Алкмар" командасымен болған ойында үздік атанды. Uefa.com-ның таңдауы бойынша 2013 жылдың ең үздік жас қақпашысы атанды. News Photo: Kazakhstans Stas Pokatilov reacts after France scores a… 10. Абылайхан Тотай(21 жас) Жақында 21 - ге толатын футболшы чемпионатта, талдықорғандық "Жетісу" сапында негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. "Атына заты сай" болуға тырысып жүргені жасыл алаңда анық байқалды. Бірнеше клубтар да өызықты бұл футболшыға. Әзірге өз командасын алға сүйреуді көздеген футболшының болашағы жарқын, келешегі кемел. 11. Бауыржан Байтана (21 жас) "Тараз" футбол мектебі Қазақстандағы ең үзік мектеп. Бұл қалаға футбол академиясын салып берсе талайдың таңдайын қақтырар талантты футбол жұлдыздары бой көрсетер еді. Керемет академия болмаса да, керемет бапкерлері бар Тараз өңірі талай түлекті түлетіп, футбол әлеміне қанат қақтырған болатын. Назарларыңызға Бауыржандардың тағы бірін таныстыруды жөн санадым. Ол да қырағы, қағылез футболшы. Аты-жөні Бауржан Байтана. 2010 жылы 18 жасында "Тараз" командасының сапында жасыл алаңға шықты. Бір қызығы, қазіргі командасы қостанайлық"Тобылға" қарсы ойын оның үлкен футболдағы алғашқы қадамы болды. 2010 жылы Бауыржанға ағылшындық «Манчествер Юнайтед» командасы қызығушылық білдірді деген әңгіме де ел арасында желдей есті. Сондай - ақ, испаниялық «Альбасете»  ұсыныс жасаған. Алайда, басшылық жас футболшыны жібермеді. "Тараз","Атырау","Сұңқар", "Тобыл" командасының жейдесінде өнер көрсеткен футболшының болашағы әлі алда. 12. Шерхан Бауыржан (21 жас) Тағы бір Тараздың талантты футболшысы Шерхан Бауыржан қазіргі кезде алматылық "Қайрат" командасының ойыншысы. Жақында ғана жаңа командасына ауысқан футболшының ойынына алдағы уақытта баға бере жатармыз. Таразда талмай еңбектенген Шерханның қарым-қабілетін "Қайраттан" байқайтын боламыз. 13. Абат Айымбетов (18 жас) Ақтөбелік жанкүйерлер Абаттай футболшысымен мақтанады. Командасымен ел чемпионы атанған Абат, "Ақтөбенің" негізгі ойыншысы атанды. Өткен маусымда лимит жүйесі бойынша алаңға шыққан футболшы, нәтижелі пастарымен, голдарымен көрермендердің ықыласына бөленді. Чемпиондыққа бір тур қалғанда, "Ордабасы" командасына маңызды гол соққан Абат, ең үздік жас футболшы атанды. 14. Евгений Дяденко (21 жас) 21 жасар жартылай қорғаушы Ақтөбенің дублінде доп тепкен болатын. Кейін негізгі команда сапында алаңға шығып тұрды. Әзірге анау айтқандай жетістікке жете қоймаған Евгений жаңа маусымда өзін толықтай көрсетуге талпыныс жасамақ. Оның ең үлкен жетістігі "Ақтөбемен" ел чемпионы атанды. 15. Қуаныш Бегалин (21 жас) Павлодарлық "Ертістің" шабуылшысы "Екібастұз" футбол мектебінің түлегі. Екібастұз сапында 80 ойында 28 гол соққан Қуаныш, 2013 жылы Ертіске ауысып келген. Маңызды кездесулерде гол соғатын футболшының ойынына қазақстандық өзге клубтар да қызыққан. Бірақ, Қуаныш өз командасында қалуды жоспарлады. 13 ойында 5 гол соққан шабуылшының бағындырар белесі әлі алда.   Абылайхан ЖҰМАШ    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров