Қазақстанның бүгінгі ойынға арналған негізгі құрамы белгілі болды

08.09.2021, 01:42
Талғат Маруаұлы бүгінгі ойынға дайын деп тапқан үздік 11 футболшыны таңдады.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz сайты. 

Қақпашы: Игорь Шацкий;

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Ян Вороговский;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев;

Шабуылшы: Артур Шушеначев.

Еске салайық, ойын бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazport арнасы көрсетеді.