Жарнама
Жарнама

Қазақстанның қос клубы Чемпиондар лигасының қатысушысымен күш сынасады

06.02.2022, 00:47
Бұл команда Украинадағы ең атақты клуб болып табылады.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер Донецк» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстанның қос клубымен жолдастық матч өткізеді.

Украиналық клуб 12 ақпанда (20:00) қарағандылық «Шахтермен» кездеседі. Ал 18 ақпанда (20:00) елордалық «Астанамен» күш сынасады.

Срджан Благоевич шәкірттері бұған дейін болгариялық «Арда» клубынан 1:0 есебімен жеңілген болатын. Ал «кеншілер» ЦСКА (София, 5:1) мен «Гиляни» (Косово, 2:0) командасына есе жіберді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров