Қазақстанның төрт командасы еурокубокке қатысуға рұқсат алды

22.04.2022, 00:25
Төрт команда да сертификаттау рәсімінен аман-есен өтті.

Қазақстан футбол федерациясында еурокубоктарға қатысушы командаларды сертификаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Футболдан 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша және сертификаттау мәселесіне қатысты барлық ережелерді орындап, УЕФА клубтық турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плей талабын орындағаны үшін төрт команда еурокубокке қатысады. Олар:

1. «Тобыл» (Қостанай);

2. «Астана» (Нұр-Сұлтан);

3. «Қайрат» (Алматы);

4. «Қызыл-Жар» (Петропавл).

Ал әйелдер командалары арасында «БИІК-Шымкент» (Шымкент); пен «Томирис-Тұран» (Түркістан) Чемпиондар лигасында бақ сынамақ.