Жарнама
Жарнама

Қазақстанның үш дүркін чемпионы 32-ге толды

20.09.2020, 18:49
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Жамбыл Көкеев бүгін 32 жасқа толды.

Футболшы мансабын "Железнодорожник" клубында бастаған болатын. 2006 жылы "Астанаға" (бұрынғы "Жеңіс" клубы) ауысып чемпион атанды. Кейінгі жылдары "Алма-Ата", "Шахтер", "Қайрат", "Қайсар" клубтарының намысын қорғады. 2011 және 2012 жылдары Қарағандылық клубпен Қазақстан чемпионатында топ жарды. 2018 жылдан бері "Ақтөбе" сапында өнер көрсетіп келеді.

2006-2015 жылдары Қазақстан құрамасына шақыртылып тұрды. Ұлттық құрама сапында 29 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

"Ақтөбе" биыл Бірінші лигада өнер көрсетуде. Көкеев "Мақтааралмен" өткен алғашқы ойында негізгі құрамда шыққан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров