Жарнама
Жарнама

Qazsport бір уақытта Қазақстан жастар құрамасы мен «Барыс» хоккей клубының матчын көрсетпек

03.09.2020, 18:48
Жастар құрамасының ойыны 18:50-де, «Барыстың» ойыны 19:50-де басталады
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 3 қыркүйекте өтетін футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Черногорияға қарсы ойыны Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бірақ Қазақстан Жастар құрамасының матчтағы екінші таймы Qazsport арнасының сайттағы эфирінен көрсетіледі. Ал сағат 19:50-де "Барыс" хоккей клубының ойыны телеарнаның тікелей эфирінен көрсетіледі. «Барыстың» ойыны аяқталғаннан кейін, Қазақстанның жастар құрамасының Черногорияға қарсы матчының екінші жартысын назарларыңызға ұсынатын болады.

Бүгін Алмас Құлшынбаевтың командасы Еуро-2021 іріктеу кезеңі аясында Черногориямен кездеседі. Жеті ұпаймен Қазақстан топта төртінші орында тұр. Іріктеу турнирінің басында ұлттық құрамамыз Фарер аралдарын - 3:1, одан кейін Черногорияны - 2:1 есебімен жеңді. Өз алаңында Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан - 0:1 және Израильден - 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал соңғы матчында Солтүстік Македониямен тең ойын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров