Жарнама
Жарнама

Qazsport және Qazaqstan арналары еурокубоктік ойындарды көрсету құқығына ие болды

11.09.2021, 01:09
Қос арна Еуропаның ең үздік клубтарының 2021/2022 маусымындағы тартысты матчтарын көрсетеді
Жарнама
Жарнама

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын көрсету құқығына ие болды.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын көрсетеді.  

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 Еуропа чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантпақ. Бұл жолы Корпорация УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында көрсету құқығына ие болды. 

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Еуропаның ең үздік клубтарының 2021/2022 маусымындағы тартысты матчтарын көрсетеді.

Биыл УЕФА-ның жаңа клубтық турнирі - Конференция Лигасы құрылды. Оған Алматының «Қайрат» клубы қатысады. «Қайрат» өз тарихында Еурокубоктың топтық кезеңіне алғашқы рет шығып отыр. Қазақстандық команда H тобында өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров