Жарнама
Жарнама

ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитеті өткен турда ереже бұзған клубтарға жаза тағайындады

21.05.2021, 00:14
Елордалық клубқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жарнама
Жарнама

19 мамырда Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Отырыста төмендегідей шешімдер қабылданды:

Olimpbet-футболдан Қазақстан чемпионаты, XI тур

"Астана" - "Жетісу"

Бес ойыншының ескерту алуына байланысты көрсетілген команданың тәртіпсіз әрекеті үшін Тәртіптік ереженің 48-бабының 1-тармағына сәйкес, "Астана" ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл 291 700 теңгені құрайды. "Астана" ФК айыппұлды 2021 жылдың 19 маусымына дейін төлесін.

Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлердің жаппай алаңға шығуына байланысты коронавирустық пандемия кезеңінде матч өткізу хаттамасын бұзғаны үшін Тәртіптік ережелердің 63-бабының 1-тармағына сәйкес, "Астана" клубына 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ол 875 100 теңгені құрайды. "Астана" ФК айыппұлды 2021 жылдың 19 маусымына дейін төлеуі тиіс.

"Ордабасы" - "Тобыл"

Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін, Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, "Ордабасы" командасының ойыншысы А.Клещенко бір матчқа шеттетілді. Жаза мерзімі 2021 жылдың 16 мамырынан бастап есептеледі.

"Атырау" - "Тараз"

Ойын барысында алаңға кіріп, бүкіл алаңды жүгіріп шыққан баланың әрекеті мен көрермендердің орынсыз қылығы үшін, Тәртіптік ережелердің 63-бабының 1-тармағына сәйкес матчта қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін "Атырау" ФК айыппұл 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек, ол 875 100 теңгені құрайды. "Атырау" ФК айыппұлды 2021 жылдың 19 маусымын қоса алғанда төлесін.

Апелляциялық комиссияның шешімдерін орындамау

Апелляциялық комитеттің кәсіби футболшыларға қатысты (Кусяпов Т.Р., Стоянович М, Зорич Д., Дмитриев А., Сапаров А., Бондаренко Т.) шешімдерін орындамағаны үшін "Оқжетпес" клубы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады, бұл 145 850 теңгені құрайды. "Оқжетпес" ФК айыппұлды 2021 жылдың 19 маусымына дейін төлесін.

Апелляциялық комитеттің шешімін 2021 жылдың 30 маусымына дейін орындамаған жағдайда, "Оқжетпес" клубынан ұпай шегеріледі немесе клуб төменгі дивизионға түседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров