Жарнама
Жарнама

ҚФФ өкілдері Александр Меркелмен келіссөз жүргізуде

24.11.2013, 08:43
Жарнама
Жарнама
images (3)   Қазақстан Футбол Федерациясының өкілдері  21 жасар жартылай қорғаушы Александр Меркелмен жаңа келіссөздер жүргізуде.Егер ойыншы келісім берсе Ұлттық құрама сапына алуға дайын екенін мәлімдеді. Александр Меркель Шығыс Қазақстан облысының тумасы.Кейін отбасымен Ресейге қоныс аударған.6 жасында Ростов қаласынан Германияның Штутгарт қаласына көшіп,жергілікті команданың жастар құрамасына қабылданған.Осы команда сапында ерекше ойынымен көзге түскен жас талант Италияның  «Милан», «Дженоа» командаларында да өнер көрсеткен.Меркель қазіргі таңда   «Удинезе» командасының ойыншысы.Сондай-ақ  бұл ойыншыға Петерборлық  Зенит пен Москваның Спартак командалары қызығушылық танытқан. Қазақстанда туып Германияға  қоныс аударған ойыншылардың тізімімен таныс болыңыздар : Юрий Юдт («Нюрнберг», Германия), Роман Нойштедтер ( «Боруссия Менхенгладбах», Германия), Александр Меркель («Удинезе», Италия), Вилли Евсеев («Ганновер-96», Германия), Макс Кремер («Ганза», Германия), Сергей Нойбауэр («Кайзерслаутерн», Германия). Бұлардан бөлек Қазақстан  Ұлттық құрамасында  өнер көрсетіп жүрген Генрих Шмидгаль мен Константин Энгель барша қазақ жанкүйерлеріне таныс. Алдағы уақытта  жоғарыда аталған ойыншыларды да Ұлттық құрама сапынан  көріп қалуымыз бек мүмкін.                                                                                                                                                                                                                                   Абылайхан ЖҰМАШ
   
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров