Алдағы екі-үш аптада Қазақстан футбол федерациясы ҚПЛ-дағы командалар санын қысқарту туралы нақты шешім шығармақ, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Бұл мәселе Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасымен, сондай-ақ клубтармен бірге талқыланатын болады. ҚФФ чемпионаттың жаңа форматына қашан көшетінін әлі шешкен жоқ. Өзгеріс келесі жылдан (2023) немесе 2024 жылдан бастап күшіне енеді деген болжам бар.
Футбол федерациясының жоспарына сәйкес, Премьер-лигадағы командадар санын 12-ге қысқарту чемпионаттың беделін, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалмақ.
Біздің серіктес: FONBET