Жарнама
Жарнама

ҚФФ президенті Еуропа лигасындағы алғашқы матчтардың қорытындысын шығарды

28.08.2020, 16:28
Келесі кезеңде үш командамыз өнер көрсетеді
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділбек Жақсыбеков қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы алғашқы матчтары туралы айтты.

"Қайраттың" армениялық "Ноамен" ойыны жағымды әсер қалдырды. Алматылықтар сапалы әрі тиімді футбол көрсетті. Бұл ойында қол жеткізген жетістік "Қайратқа" топтық кезеңге жолдама үшін күресте сенімді өнер көрсетуге көмектеседі.

«Ордабасы» шеберлігімен көзге түсті және барынша тырысты, бірақ шымкенттік клубқа қиын қарсылас түскенін атап өткен жөн. Румыниялық "Ботошани" жақсы қарсылық көрсетті, бірақ қазақстандық команда келесі кезеңге өтуге жақын болды. Өкінішке орай, сәттілік қонақтар жағында болды. Шетелден келген қонақтармен кездесу «Ордабасыға» халықаралық тәжірибе ретінде пайда әкелді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен «Астанаға», «Қайратқа», сондай-ақ Қызылорданың «Қайсарына» алдағы УЕФА Еуропа лигасының матчтарында сәттілік тілеймін! Алға, Қазақстан! Алға, футбол!"- деді Жақсыбеков.

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» өз алаңында «Ноаны» - 4:1 есебімен жеңіп, екінші кезеңге өтті, ал «Ордабасы» өз алаңында «Ботошаниға» - 1:2 есебімен ұтылып, турнирден шығып қалды. Еуропа лигасының екінші кезеңінде «Қайратқа» «Қайсар» мен «Астана» қосылады. Сонымен бірге, «Астана» Чемпиондар жолымен жүреді - онда Чемпиондар Лигасының іріктеу ойынында жеңілгендер ғана ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров