Жарнама
Жарнама

ҚФФ Президенті құрамамыздың жартылай финалға шығуымен құттықтады

28.09.2021, 15:03
Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков ұлттық құраманы жартылай финалға шығуымен құттықтады:

- Қазақстан құрамасы футзал әлемінде үздіктердің бірі екенін дәлелдеді. Еуропа чемпионатының үздік төрттігіне кірген командамыз енді жер жаһанда таңдаулы 4 команданың тізіміне еніп отыр. Күллі Қазақстан жанкүйерлерін және ойыншыларды осы бір жеңіспен құттықтаймын! Бұл команданың, алаңға шыққан қайсар жігіттердің, оның сыртында еңбек етіп жүрген мамандардың ортақ жеңісі. Иран секілді атақты командадан жеңіліп жатып жігер көрсеткен жігіттеріміздің ел абыройы сынға түскен шақта бар күшін салуы бұл елдік рухтың, ұлттық ерекшеліктің арқасы. Алға Қазақстан!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров