Жарнама
Жарнама

ҚФФ президенті журналистермен бейресми кездесу өткізді

24.02.2015, 16:18
Жарнама
Жарнама

11006480_457333844413944_8751098080448005075_nҚазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов 21 ақпан күні Алматыда жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен бейресми кездесу өткізді.

Бірнеше сағатқа созылған кездесуде Ерлан Қожағапанов қазақстандық футболдың барлық ауыр тұстарын қозғады, әлемдегі ең танымал спорт түрінің стратегиялық даму бағыттарын айтып берді. Сонымен қатар, журналистерді өз бұқаралық ақпарат құралы арқылы 1 наурызда елордада Қазақстан Суперкубогы үшін ел чемпионы «Астана» мен Кубок иегері «Қайрат» арасында өтетін матчқа жанкүйерлерді шақыруды өтінді.

- Бұл екі бітіспес қарсыластың тартысы болмақ, - деді президент Ерлан Қожағапанов. – Екі команда да теңдесіз қарқынмен дамып келеді  және соңғы уақытта сапалы серпіліс жасады. «Қайрат» пен «Астана» футболшылары жанкүйерлерге ұнайтын тартысты ойын көрсетеді деп сенемін. Ерлан Қожағапанов кездесудің тікелей эфирде Түркия, Ресей және басқа да елдерде көрсетілетінін атап өтті. Ал, 2015 жылғы Суперкубок матчына әлемдік деңгейдегі шетелдік төрешілер бригадасы қызмет атқарады. - Ойынға Еуропадан үздік төрешілерді шақыруды жоспарлап отырмыз, - деді Ерлан Тоқтарханұлы. – Бұл әлсіз әрі жемқорлыққа жол беретін төрелік етуді толықтай жоққа шығарады. Қазақстан Футбол федерациясының президенті кездесудің басында 7 жылдың ішінде қазақстандық футболдың дамуы үшін көп істер атқарылғанын атап өтті. - «Шахтер», «Астана» сынды клубтардың табысын атап өткім келеді, - дейді Ерлан Қожағапанов. – Бұған дейін Селтик», «Вильярреал» сынды командалардың Қазақстанға келуін армандайтын ғана едік. Өзге футбол ұжымдары еуроаренада әлі де өздерін көрсетеді деп үміттенемін. Ерлан Тоқтарханұлы басым бағыттарға тоқтала отырып, ең басты стратегиялық бағыт балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту екенін атап өтті. - Қазақстан Футбол федерациясы бұл бағытта үлкен жұмыс атқарды және бізге оны жалғастырып әрі нығайта түсу керек, - деді ҚФФ президенті. Қазақстандық футболдың мәселелері жөнінде айта отыра, Ерлан Қожағапанов журналистерге әділетсіз төрелік ету және алдын-ала келісілген матчтармен күрес жөніндегі жоспарымен бөлісті. – Бұл біздің футболдың ең сорлы тұсы және біз осындай теріс құбылыстармен қатаң күресетін боламыз. Төрешілерді қылмыстық жауапкершіліккке тартуға дейін барамыз, - деп атап өтті ҚФФ президенті. Федерация жоспарында төрешілік корпусының жемқорлық жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін бірнеше бағыттар бар. Олардың біреуі – алаң периметрі бойынша ойындағы даулы сәттердің бөліктерін көруге мүмкіндік беретін бақылау камераларын орнату. Сонымен қатар, матч уақытында төрешілердің сөзін жазу. - Камерлар саны көп болса, әділетсіз төрешінің жалғандығын ашуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Қожағапанов.   Нәтижені көтеруге келетін болсақ, Қазақстан Футбол федерациясы басшысының пікірінше, біздің сәтсіздіктің негізгі себептерінің бірі – футбол инфрақұрылымының әлсіздігі. -  Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жыл бойы футболмен айналысуға мүмкіндік жоқ, - дейді Ерлан Тоқтарханұлы. – Бізге толыққанды жабық манеждер қажет, шағын емес, үлкен футбол алаңдары бар жабық кешендер қажет. - ФИФА президенті Йозеф Блаттер біздің кездесуде бұл сұрақты қолдады, - деп жалғастырады федерация басшысы.  –  Жақында ғана жақсы нәтижені көрсете алмаған Исландия жабық манеждардың көмегімен өз футболының дамуында алға үлкен қадам жасады және бүгінде исландиялық футболшылар барлық еуропалық чемпионатта ойнайды. Жабық манеждардың құрылысы мен өзге де стратегиялық бағыттардың қаржыландырылуына тоқтала отырып, ҚФФ президенті клубтарға легионерлерге төленетін ірі көлемді және кей жағдайда үмітті ақтамайтын шығындарды азайтып, одан түскен қаражатты инфрақұрылым мен балалар және жасөспірімдер футболын дамытуды ұсынды. - Тек қана сапалы легионерлер тартылып жатыр, шетелден футболшыларды жаппай шақыру жағдайы соңына келді, - деп атап өтті Ерлан Қожағапанов. – Шетелдік ойыншыға жұмсалатын қаражатты балалар мен жасөспірімдер футболына бұру қажет. Балалар мен жасөспірімдер футболы дамымай, инфрақұрылым жақсармай жетістікке жету қиын. Біз бұл талаптарды Кәсіпқой футбол лигасы мен футболды дамыту бағдарламасының регламентіне енгіземіз. Қазақстан Футбол федерациясы таңдаған даму жолының тағы бір маңызды бағыты – балалар футболының жаттықтырушылар саны мен сапасын арттыру. - Қазақстанда шамамен 1300 футбол жаттықтырушысы бар, егер де мұны балалар санына шақсақ, онда бір бапкерге 350 баладан келеді, - дейді Ерлан Қожағапанов. Мысалы, Англияда бір бапкерге – 3 бала. Англияда 390 мың кәсіпқой балалар жаттықтырушысы бар! Алаңға келетін болсақ, Еуропаның жетекші елдерінде 100 мың адамға шамамен 70-80 алаң келеді. Ал, бізде 1,6 алаңға - 100 мың адам. Сонымен қатар, ҚФФ президенті 31 наурыз күні өтетін Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы жолдастық матчы, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан – Түркия матчының Алматыда өтетіні туралы айтты және журналистердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді. Брифингте, сондай-ақ, спикер ретінде Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев сөз сөйледі. - Бізге футболды бірге дамыту керек, - дейді Ерлан Қожағапанов. – Тек қана Футбол федерациясы емес, жанкүйерлер, журналистер, қоғам да бұл үрдіске қосылуы тиіс. Брифинг соңында ҚФФ президенті барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қазақстандық футболдың дамуына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді және келесі кездесуді осы жылдың маусым айында өткізуді ұсынды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров