Жарнама
Жарнама

ҚФФ Талғат Байсуфиновқа жаңа келісім-шарт ұсынбақ

24.12.2021, 16:25
Талғат Маруаұлы команданы тағы бір жыл жаттықтырады.
Жарнама
Жарнама

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын әрі қарай да жаттықтыра бермек. Қазақстан футбол федерациясы 53 жастағы маманмен келісім-шартты бір жылға ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Оның жетекшілігімен еліміздің басты командасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украинамен екі рет, Босния және Герцеговинамен бір рет тең түсіп, үш ұпайға қол жеткізді.

Одан бөлек, Молдова және Тәжікстан құрамаларына қарсы жолдастық матч өткізді. Қорытындылай келе, Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 119-орынға ие болды.

С дивизионында қалу үшін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы наурыз айында Молдовамен екі рет кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров