QFL “Тобыл” - “Атырау” ойынында болған келеңсіз жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

QFL “Тобыл” - “Атырау” арасындағы Кубок кездесуінде таблода тіркелген нақты есеп жайында қосымша мәлімет берді.

“Біздің ойынды жан-жақты түсірген бейнероликте төрешінің “Тобыл” соққан екінші голын есепке алмаған сәті таспаланған. Ол жерде ереже бұзылған болатын. Техникалық ақауларға байланысты бұл эпизод көптің назарына ұсынылмады. Сол себептен жанкүйерлердің ойын есебіне байланысты шатаспа пікірінің қалыптасуына сеп болды”. 

Айта кетейік, кеше “Тобыл” командасы Кубок жартылай финалында “Атырауды” 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды қостанайлық команданың жартылай қорғаушысы Эль-Мессауди пенальтиден соқты.  

 

Материалда: