QJ League маусымының жабылу салтанатында Килиан Мбаппенің жейдесі 3 миллион теңгеге сатылды.
Салтанатты кеш аясында ұйымдастырушылар қатысушылар арасында қайырымдылық аукционын өткізді.
Аукционның ең құнды бұйымы — әйгілі Килиан Мбаппенің ойын жейдесі болды. Бұл жейде үшін тартыс қызу өтіп, нәтижесінде ол 3 миллион теңгеге сатылды.
Құнды жейдені белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев сатып алды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аукционнан түскен барлық қаржы қайырымдылық қорына аударылады.
Біздің серіктес: FONBET