Алматылық команда Абылай Төлеуханды “Реалмен” болатын кездесуге қатысатын футболшылар тізіміне қосты.
17 жастағы Абылай осы маусымда QJ League турнирінде 13 ойын өткізіп, 15 гол мен 9 голдық пас берді. Жартылай қорғаушы “Қайрат” ұжымының бұл турнирдегі ең нәтижелі ойыншысы.
2024 жылы Төлеухан “Қайрат” жастарымен бірге QJ League жеңімпазы атанды. Биылда футболшы Алматы командасымен бірге, екінші чемпиондығына келеді.
“Қайрат” командасы Бақдәулеттен бөлек, бұл тізімге: Дәулет Орынбасар, Акежан Каликулов, Әмірбек Базарбаев және Азамат Тұяқбаев сынды жас түлектерді де қосып отыр.
Аталған футболшылардың барлығы корольдік клубпен болатын матчта алаңға шығып қалуы ықтимал.
Біздің серіктес: FONBET