Жаңа ойыншылардан қақпашы Рамиль Нұрмұхаметовпен ғана келісімшарт жасалды. Ал одан өзге ешкіммен келіссөздер жүргізіп, командаға қосқан жоқпыз. Бұл Ұлан Қонысбаевқа да қатысты. Қонысбаевтың «Таразға» оралуы туралы әңгімелер - жай ғана сыбыс.
Соңғы кездері Ұлан Қонысбаев өзінің түлеп ұшқан клубы «Тараз» командасына қайта оралады деген сөздер желдей есті. Ұлан, шынымен де, «Таразға» ауыса ма екен?
Иә, бұл сұрақтың жауабы көпшілік жанкүйерді қызықтырып жүргені рас. Сондықтан болса керек, көпшіліктің көкейіндегі сауалға нүкте қою үшін «Тараз» басшылығы клубтың ресми сайтында былай деп түсініктеме берді:
- Жаңа ойыншылардан қақпашы Рамиль Нұрмұхаметовпен ғана келісімшарт жасалды. Ал одан өзге ешкіммен келіссөздер жүргізіп, командаға қосқан жоқпыз. Жақын арадағы жоспарымызда да жоқ. Бұл Ұлан Қонысбаевқа да қатысты. Қонысбаевтың «Таразға» оралуы туралы әңгімелер - жай ғана сыбыс.
Міне, «Тараздың» ресми сайтында осындай мәлімдеме жарық көрді. Жалпы, бүгінде клуб мүшелері еңбек демалысына шығып кеткен. Дегенмен президент Талғат Әпсаматов пен бас бапкер Любко Петрович шығыс Еуропада іссапарда жүр.
Сербия, Словения, Хорватия және Венгрия біріншіліктерін тамашалап жүрген олар клубқа қажетті легионерлерді іздестіруде көрінеді. Бірақ ары кетсе екі-ақ жаңа легионермен келісімшартқа отырмақ. Өйткені өткен маусымдағы футболшылардың 80 пайызы «Таразбен» келісімшарттарын ұзартқан. Алайда жаңа легионерлер кез келген ойынның тағдырын шеше алатындай шебер болулары тиіс.
алаш арена