Елорданың «Локомотив» футбол клубы атауын өзгертті. Енді аталмыш клуб додаларға «Астана» командасы ретінде қатысады. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да мақұлдады. Дегенмен бұл жерде бір түсіністік болып тұр. Ел футболында «Астана-64» атауымен елордалық тағы бір команда өнер көрсетуде. Бірінші лигада өнер көрсететін «Астана-64» «Локомотив» пайда болғанға дейін елорданың төл командасы болатын. Жейделері сары және көк. Ал «Локомотивтің» жейделері ақ және көк болатын. Алайда клуб атауын ғана «Астана» деп ауыстырмай, турнирлерге «Астана-64» клубы секілді сары және көк жейдемен қатысатын болды. Әлбетте, бұл жағдай жанкүйерлердің наразылығын тудырмай қойған жоқ. «Локомотив» клубының фан клубы болып саналатын «Локо-ультрас» команданың басшысы Григория Лорияның атына наразылық хатын жолдады. Бірақ әзірге жауап жоқ. Сондай-ақ «енді «Астана» мен «Астана-64» футбол клубтары бірігуі мүмкін» деген де сыбыстар тарауда. Не де болса, әліптің артын бағайық...
Автор: Ақжол ЕШМАТ