Жарнама
Жарнама

Қош бол - "АЛИ САМИ ЙЕН"

21.01.2011, 01:00
Жарнама
Жарнама
[caption id="attachment_909" align="alignleft" width="276" caption=""Галатасарай" президенті - Аднан Полат көзіне жас алды"][/caption] Қазақта «Мың рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Оның үстіне Түркияда өмір бақи оқымаймыз, елге оралғанға дейін сол елде аты аңызға айналған «Галатасарай» клубының стадионын бір көрмесек футбол жанкүйері деген атымызға сын. Міне, осы ой көптен бері маза бермей жүрген еді, әйтеуір қаңтардың он бірінші жұлдызында жиырма төрт мың жанкүйермен бірге матчты «Али Сами Йен» стадионынан көру бақыты бұйырды.

Көру бақыты бұйырды деп екпін түсіріп айтуыма негіз де жоқ емес, өйткені, дәл осы күні мен түгілі, Галатасарайдың бағзыдан бері келе жатқан бірталай жанкүйерінің өзі билет таба алмай, жер сипап қалған-ды. Енді ше, «Али Сами Йендегі» соңғы матчқа әркімнің-ақ куә болғысы келеді. Тарата айтсақ, «Галатасарай» клубына 1964 жылдың 20-желтоқсанынан бермен қарай қызмет етіп келе жатқан, команданың іргетасын қалаушы Али Сами Йеннің атын иемденген бұл стадион жабылып, «Арыстандар» сыйымдылығы елу екі мың жанкүйер, Еуропа-2016 талаптарына сай су жаңа «Түрік Телеком Арена» стадионына көшкелі жатқан-тұғын. «Арыстан» дегеннен шығады, Түркияда әр команданы белгілі бір аңға немесе құсқа теңейді. Міне, осы метафоралар олардың екінші аты болып қалыптасқан. Мәселен, «Галатасарайды» «Арыстан», «Бешікташты» «Бүркіт», «Фенербахчені» «Канарейка», «Бурсаспорды» «Қолтырауын», «Трабзонспорды» «Анчоус» (балық түрі), «Аданаспорды» «Торос(тау аты) Жолбарысы» дейді. Газет бетінде де команда жайындағы мақала тақырыптары көбінде аталмыш аттармен беріледі. Мәселен, «Галатасарайдағы» үсті-үстіне келген жеңілістен кейін голландиялық бапкер Франк Райкард орнынан кетіп, Георге Хаджи келгенде, «Заман» газетінен «Жаралы арыстанға Хаджидің қолы тиді» деген мақала тақырыбын оқығаным бар. Немесе, «Бешікташ» жеңілісінен кейін «Бүркіт қарсыласына тырнағын батыра алмады», «Бүркіттің қауқары қайта бастады»  сыңайындағы мақала аттарын ұшыратуға болады.

[caption id="attachment_910" align="aligncenter" width="480" caption="Енді бұл киелі стадион сауда орталығына айналады"][/caption]

Мұнан бөлек, «Барселонаны» «блоуграна» дейтін секілді «Галатасарайды» – «Сары-қызылдар» (Сары-қырмызы), «Фенербахчені» – «Сары-қою көктер» (Сары-Ладжыверт), «Трабзонспорды» – «Күреңқызыл-көгілдірлер» (Бордо-мави) деп атау да кең тараған. Бұған қоса, «Галатасарайдың» «Джим Бом» дейтін қосалқы

[caption id="attachment_913" align="alignright" width="216" caption="Бұл кеште Арда Тұран да жыламай тұра алмады."][/caption]

ы аты тағы бар. 1940 жылдардан бері қарай келе жатқан бұл атау еуропалықтардың өз тілдеріне икемдеп шығарған есімі болып шықты.

Сонымен, «Джим Бом» дейсіз бе, әлде «Сары-

қызылдар», қаласаңыз «Арыстан»... қысқасы, «Галатасарай» Зираат Кубогының кезекті матчын өзалаңында өткізіп, өздеріне қырық жеті жыл қызмет көрсетіп, ащы жеңіліс, тәтті жеңісіне ортақ болған, қуаныштың, өкініштің көз жасы сіңген, Хакан Шүкір, Хасан Шаш, Окан Бурук, Бүлент Қорқмаз сынды түрік футболының көзі тірі аңыздары атой салған «Али Сами Йен» стадионымен қош айтысты. «Бейпазары Шекерспормен» ойналған матч та «Али Сами Йенмен» қоштасуға әбден жарасатын нәтижемен тәмамдалды – есеп 3:1.

[caption id="attachment_911" align="alignleft" width="200" caption="Қимастық деген осы..."][/caption]

Алғашқы голды Түркияның ұлттық құрамасындай ойнайтын, бойының ұзындығымен ерекшеленетін Сервет Четин соқса, екінші голдың авторы, команда капитаны – Арда Тұран. Үшінші гол команданың су жаңа мүшесі, «Фенербахчеден» ауысқан, ауысуы талай-талай әңгімеге арқау болған Колин Казимнан келді. Матч бітісімен белгілі журналист, тележүргізуші, «Футбол дегеніміз – өмірдің өзі» секілді бірнеше кітаптың авторы Али Кырджа «Али Сами Йенмен» қоштасу хатын оқып, һәм аяқдопшыларды, һәм жанкүйерді толқытты. Алдымыздағы экраннан капитан Арда Тұранның, Хаджидің және бас бапкер көмекшісі Тугай Керімоғлының көзіне жас алғанын көрдік. Мұнан бөлек, сол жердегі жиырма төрт мыңның әрқайсысы ішінен жылап тұрғаны анық еді. Али Кырджаның хатынан кейін «Али Сами Йенмен қоштасу» әні  қосылып, жарықтардың бірте-бірте сөне бастағаны Али Сами Йенде бұдан былай матч ойналмайтынын, бұдан кейін тек сағынышпен еске алынатынын сездіріп, көңілді онан әрмен босататын сәттер еді...

Дәл сол тарихи күнде, кез-келгеннің уысына түспейтін сәттің к [caption id="attachment_912" align="alignright" width="300" caption="Қоштасу матчында болған қазақ қызы"][/caption] уәсі бола алғаным үшін өзімді бақытты сезіндім. Бұдан былай бұзылып, орнына сауда орталығы салынатын стадионның атын тек тарихтан ғана оқитын боламыз. Сол матч үшін билет қалмай, клубтың айналасындағы ықпалды біреулерді салып жүріп, VIP-тен бір дөкейге берілген шақыру билетін аттай қалап төл ақшамызбен жиырма бес мың көк қағазға сатып алғанымды ақымақтыққа балағандар бар. Ал менің еш ішім күймеді. Есесіне қандай сәттердің куәсі болдым десеңші...

Ғалия СЕРІКҚЫЗЫ

Арнайы "ФУТБОЛ.КЗ" үшін,

Түркиядан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров