Қостанай қаласындағы Орталық стадионды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде басталады. Жөндеуден кейін стадион УЕФА-ның төртінші санатындағы талаптарға сай болады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Модернизация мыналарды қамтиды:
- камералық платформаларды орнату;
- телестудияларды орнату;
- электронды турникеттерді орнату;
- VIP-орындарды орналастыру;
- дизельді электр станциясын сатып алу және орнату;
- допинг-бақылауға және УЕФА делегатына арналған бөлме;
- баспасөз конференция залындағы орындар санының артуы.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, қостанайлық «Тобылдың» қалған ойындары «Тобыл Арена» манежінде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET