Жарнама
Жарнама

Қожабергеновтің командасы көш бастады

05.04.2011, 16:31
Жарнама
Жарнама
Кеше кешкісін футболдан Қазақстан чемпионатының 5-туры өтті. Турдың орталық кездесуі ретінде «Шахтер» – «Локомотив» матчы саналып, қос команда да бір-бірінің қақпаларынан саңылау таба алмай тарқасты. Кеншілер қаласында өткен ойында есеп ашылмай, командалар тең тарқасса, Өскеменде өткен «Восток» – «Тобыл» матчында да командалар ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Бірақ бұл кездесу нәтижелі аяқталып, көрермендер 4 голдың куәсі болды. Ал қалған төрт ойын жеңімпаз командаларды анықтап берді. Алматының Орталық стадионында жергілікті «Қайрат» Керекудің «Ертісін» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Анатолий Дорош бірінші таймда «Қайраттың» екі-үш қорғаушысын алдап өтіп, Данил Рихард қорғаған қақпадан саңылау тапса, екінші таймның басында «Қайрат» капитаны Руслан Балтиев әріптесі асырған пасты қақпаға дәл қадады. Дегенмен бұдан кейін алматылықтар қарқындарын бәсеңдетіп алды. 74-минутта Сергей Иванов шамамен 35 метрдей жерден айып добын орындап өз клубын алға шығарса, ойынның соңғы минутында Глеб Мальцев оң қапталды жарып өтіп, есепті тағы да ұлғайтты. «Тараз» – «Жетісу» кездесуінде қонақтар ұтып, турнир кестесінде көш бастаса, ұтылған алаң иелері көш соңында қалып қойды. 5-тур нәтижелері: «Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Кереку) – 1:3 Голдар: Балтиев, 49 – Дорош, 35. Иванов, 74. Мальцев, 90. «Ақтөбе» – «Ордабасы» (Шымкент) – 2:1 Голдар: Эссомба, 14. Хайруллин, 74 – Тәжімбетов, 80. «Шахтер» (Қарағанды) – «Локомотив» (Астана) – 0:0 «Тараз» – «Жетісу» (Талдықорған) – 0:1 Гол: Сариев, 72. «Восток» (Өскемен) – «Тобыл» (Қостанай) – 2:2 Голдар: Мамонов, 85. Удалов, 90 – Данаев, 36. Волков, 79. «Қайсар» (Қызылорда) – «Атырау» – 1:0 Гол: Александру Максим, 74. Автор: Арсен Жанаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров