Тұрақтылық шеберліктің белгісі. Қазақстандағы футбол шенеуніктері шеберліктерін көрсетті. Себебі, олар тұрақтылық сақтап, түсініксіз жағдай қалыптастырып отыр. Мамыр айында карантин әлсірегелі бері футбол жарыстарының енді қашан қайта жалғасатынын айта алар емес. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы видеоконференцияда екі датаны қатар айтты. Біріншісі 15 маусым, екіншісі 1 шілде болды. Түсінгеніміздей, бірінші мезгіл өтіп кетті, демек, екінші мерзімге тұспа-тұс келіп тұр деген сөз. Жанкүйерлер шілде айында футбол көретін шығар деген үміттеміз.
Мысалы «Қызылжар» футбол клубының баспасөз қызметі чемпионат 1 шілде күні қайта жалғасады деп ақпарат таратты. Бірақ, кейіннен олар ақпаратты парақшаларынан алып тастады.
Қазақстанда әзірге түнгі клубтар мен фитнес орталықтардың барлығы жабық. Бірақ, өзге салалардың ұйымдары жұмыстарын қайта жалғады. Әлбетте барлығы да санитарлық талаптарды сақтау арқылы іске кірісті. Бірақ, футбол неге басталмай жатқаны түсініксіз. Шамасы індет жұқтырғандар саны азайған кезде Премьер-лига, бірінші және екінші лигалар қайта жалғасын табатын шығар.
Алайда Еуропа футболы жағасын тауып, футбол ойындарын қалай ұйымдастыру керектін көрсетті. Бундеслигадағы медециналық протоколдың қалай жұмыс істейтінін көріп, соны қайталау қиын жұмыс емес секілді. Бірақ, еліміздегі бас санитар Айжан Есмағамбетова рұқсат бермей футбол басталмайтын секілді. Демек ресми ақпаратты күткеннен өзге амал жоқ. Бір жағынан уақытты соза беріп, шегіне де жеттік. Шілдеде қайта жалғаспаса футбол күнтізбесіне күрделі өзгерістер енері анық. Қазақстан кубогының биыл ойналмайтыны шамасы ресмиленген секілді. Өйткені жарыс күнтізбеснің уақыты өтіп жатыр, Қазақстан кубогын ойнауға уақыт та қалмады. Біріншіліктің соңы қараша айына дейін созылса солтүстік аймақтағы командаларға қиындық тудыртады. Қараша айында қар жауып, күн суытатыны белгілі. Құстың ұясында жылы манеж тек Қостанай қаласында ғана бар.
Ал ғалымдар күзге таман Қазақстанда вирустың екінші толқыны жүруі мүмкін дейді. Десе де, еліміздің кейбір аймағында карантин тәртібі жеңілдетілді.
Естеріңізге сала кетсек, Қазкақстанда футбол маусымы 29 ақпан күні басталды. Бірақ індетке байланысты 16 наурыз күні тоқтатылды. Бірінші лига мен екінші лига матчтары да кейінге шегерілген.
Біздің серіктес: FONBET