ҚПЛ клубы белорус ойыншысымен толықты

05.02.2023, 17:50


Белорус футболының түлегі Евгений Березкин "Қызыл-Жар" сапына ауысты.

Футболшы өз отанында "Витебск", БАТЭ, "Нафтан" және "Торпедо БелАЗ" командаларының намысын қорғады. Евгений латвиялық "Лиепая" ұжымында да өнер көрсетіп қайтқанын айта кеткеніміз жөн. 

Петропавлдық клуб бұған дейін, Лука Имнадзе, Младен Веселинович және Иван Графты қатарына қосқан болатын. 

Еске салсақ, ҚПЛ жаңа маусымы 4-5 наурызда бастау алады. Алғашқы турда "Қызыл-Жар" - "Қайсарға" қонаққа барады.