Жарнама
Жарнама

ҚПЛ клубы екі ойыншымен толықты

04.08.2020, 16:08
«Каспий» осы трансферлік терезеде 5 ойыншысынан айырылған еді.
Жарнама
Жарнама

Қорғаушы Рафкат Аслан мен жартылай қорғаушы Арман Нусип «Ертіс» клубы Қазақстан Премьер-лигасынан шығарылғаннан кейін мансабын "Каспийде" жалғастырады. "Гол Емес" телеграм каналының хабарлауынша, ойыншылар келісімшартқа қол қойған.

26 жастағы Аслан осы маусымда алаңға шықпады. Ол 2018 жылдан бастап «Ертіс» сапында ойнады. Бұған дейін Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаныны "Ақтөбе", "Тобол" және "Бәйтерек" клубтарында ойнаған.

26 жастағы Арман осы маусымда бір матч өткізді. Ол өткен маусымда «Ертіс» үшін ҚПЛ-де 22 матч өткізді. Одан бөлек "Алтай", "Қайсар", Алматылық "ЦСКА" және "Қайраттың" екінші командасында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров