Аргентиналық жартылай қорғаушы Лионель Струмия "Ақтөбе" аяқдопшысы атанды.
30-жастағы легионер футболдағы алғашқы қадамын "Алумни" командасынан бастаған. Одан кейін, Струмия Латвия біріншілігінде тұрақтады.
2015 пен 2022 жылдар аралығында ол, латвиялық "Лиепая" мен "РФШ" клубтарының намысын қорғады. Лионель бұл ұжымдармен Латвия біріншілігін және ел Кубогін жеңіп алған болатын. Осы командалардың арқасында Струмия Еурокубоктік бәсекелерде бақ сынады.
Трансфермаркет футболшыны 350 мың еуроға бағалауда.
Біздің серіктес: FONBET