UEFA.com Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Қайрат Аймановпен бірге ұлттық чемпионаттың төмен нәтижелілігі жайында шолу жүргізіп көрді, деп хабарланады қазақстандық Премьер-Лиганың pfl.kz ресми сайтында.
Жаңа маусымның басында қазақстандық командалар өзге командалардың қақпа маңында аз шабуылдайды. Барлығы алты турда Жоғарғы Лигада ойнайтын 12 клуб 59 доп соқты, яғни орта есеппен әр команда бір турда 0,82 гол салады. UEFA.com Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Қайрат Аймановпен аталмыш төмен нәтижелілігінің себептерін талқылап көрді.
Мысалы, семейлік "Спартак" әр үшінші кездесуде ғана қарсыласының қақпасына гол енгізеді, алайда оларды түсінуге болады, себебі, олар Лигаға жаңадан қосылуда. Ал, "Астана" командасы тіпті таңғалдырды, олар еншілеріндегі төрт голмен алты турдың нәтижесі бойынша чемпионатта көш бастап келеді. Аталмыш статистика көптеген сұрақтарды туындатады. Мұншалықты төмен нәтижеліліктің себебі неде? Жергілікті бомбардирлердің хет-трик пен покер жасауға құлшыныстары жоқ екендіктерін түсіндіретін үрдіс бар ма? Әлде бұл түрлі жағдайлардың тоғысуы ма?
Аталмыш мәселенің мән-жайын анықтау үшін UEFA.com 54 жасар Аймановты әңгімелесуге шақырды.Кезінде ол Қазақстан құрама сапында қорғаушы болып өнер көрсеткен болатын, ал кейіннен "Қайрат", "Астана", "Атырау" командалары мен Қазақстан жастар құрамасында бапкерлік қызмет етті.
Көктемгі футбол
UEFA.com болжамы: Бұл ең жеңіл әрі қарапайым түсініктеме. Клубтардың басым көпшілігі маусымды қосалқы стадиондарда бастайтындығы құпия емес, себебі олар алаңдарды сақтауға тырысады және жылыту жұмысына дейін ешкімді жібермейді. Дегенмен қосалқы алаңдардың сапасы үздік стандарттарға сәйкес келмейді. Әрі футболшылардың айтуынша жасанды алаңда гол салу қиынға түседі. Әрі ойынның өзі де ойдағыдай жүрмейді.
Маманның пікірі: "Расымен де көктем кезіндегі сапасыз алаңдар футболдың сапасына әсер етеді. Кейде климаттық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, "Шахтердың" өз алаңында өткен бір кездесуінде жел ойынға кедергі келтірді. Дәл осындай жағдай "Тобоыл" пен "Спартактың" арасындағы кездесуде де орын алды. Күн жылығаннан кейін командалардың нәтижелілігі арта түеді деген ойдамын".
Қорғаныс – үздік шабуыл
UEFA.com болжамы: Жергілікті футболдың ерекшеліктері жайында да ұмытуға болмайды. Қазақстанда командалар романтикалық-техникалықтан гөрі, үнемі күш көрсететін ойын өрнегін көрсетеді. Әсіресе, УЕФА-ның құрамына кіргеннен кейін қорғаныс стилінде ойнауды шығарды. Себебі, еурожарыстарда жоғары санатты командаларға қарсы өз күші мен шабуылын көрсеткеннен гөрі, оларға қарсы сенімді ойнауға тура келеді.
Маманның пікірі: "Бізде барлық командалар күш көрсету мәнерінде ойнайды деп айта алмаймын. Мысалы, "Ақтөбенің" шабуылдаушы тобы өз ісіне креативті көзқараспен қарайды. "Ордабасы" да өткір шабуыл ойындарын көрсетеді. "Қайсар" да қарсыластарына түрлі жолдармен қысым көрсете алады. Еурожарыстарда да біздің командалар қорғаныста жатып алмай, батыл қимылдайды".
Мақсаттары бір
UEFA.com болжамы: Бір айтатын жайт - бапкерлер мен ойыншыларға қатысты қысымның жоғары деңгейінде екендігін атап өту керек. Жергілікті премьер-лигада жүлдегерлер қатарына іліну немесе үздік алтылыққа енуді мақсат тұтпайтын клуб жоқ шығар. Әр бапкерге осындай тапсырма жүктеліп, ақырында бапкер ойын нәтижесін көрсету жұмыс жасайды.
Маманның пікірі: "Бұл теорияның да өмір сүруге құқығы бар. Командаларымызға жүктелген міндет ауыр, әрі қысым да үлкен. Бапкерлердің шығармашылыққа еш уақыты жоқ, өтпелі кездесулер жоқ. Сәйкесінше тәжіибе жүргізіп, жаңа ойын тәсілдерін іздеуге де уақыты жоқ. Нәтиже көрсету керек, барлық командалар үздік үштікке, үздік алтылыққа енуге тырысады".
Ұсақталған форвардтар
UEFA.com болжамы: Қазіргі ел чемпионы "Ақтөбенің" алты кездесуде небәрі жеті гол соқты – мұның себебі жақсы шабуылдайтын футболшылардың жетіспеушілігі . Кезінде "Жеңістің" азулы форварды Арсен Тлехугов бір чемпионатта 30 гол соққан болатын. Ол осыдан 13 жыл бұрын. Футболшылар бұл жетістікті тек бір рет қана қайталай алды: 2004 жылы тағы сол Тлехугов пен өзекстандық снайпер Улугбек Бақаев 22 доптан соқты. Мұрат Тілешев те 20 голға дейін жеткізді.
Голеадорлардың жоқтығы нәтижеліліктің төмендігіне байланысты. Аталмыш маусымда өткен 36 кездесуде форвардтар тек екі дубль жасады, ал хет-триктер мен покерлер жайында тіпті сөз қозғамауға да болады. "Ордабасының" хорватиялық легионері Эдин Юнузович пен "Қайсардың" македониялық ойыншысы Душан Савич бір кездесуде қарсыластар қақпасына қос голдан тоғытты. Юнузович өз командасындағы голдың 80% өзі салды – барлығы бес голдың төртеуі соның еншісінде.
Маманның пікірі: "Әрине, [Лионель] Месси, [Криштиану] Роналду мен [Луис] Суарестың көрсеткішіне қол жеткізу қиын, алайда әр шабуылшы өз алдына бір маусымда кем дегенде 15 гол тоғыту мақсатын қою керек. Біздің үздік саналатын бомбардирлеріміз соңғы маусымдарда өз бабтарында емес: Бақаев гол салмайды, ал "Шахтердың" капитаны [Андрей] Финонченко бұрыңғыдай шабуыл өтінде өткір қимылдамайды".