Жарнама
Жарнама

ҚПЛ Мамбалар ойнайтын жер ме?

20.01.2021, 19:27
Алматылық «Қайрат» ресми сайтында германиялық ойыншы Штрели Мамбаның клуб қатарын толықтырғанын хабарлады. Мамба мен оңтүстік астаналық команда арасындағы келісім-шарт екі жылға жарамды.
Жарнама
Жарнама

Штрели Мамба 1994 жылы 17 маусымда Гёппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы сонымен қатар шабуылдың екі қапталында да ойнай алады. Ол жасөспірім шағында «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» және басқа да футбол клубтарында өнер көрсеткен.

Ол өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады. Сонымен қатар «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Сандхаузен» және «Энерги» командаларында ойнады.

26 жасар форвардтың соңғы клубы екінші Бундеслигада өнер көрсететін «Падерборн» командасы. Мамба 2019/2020 жылғы маусымда Бундеслигада «Падерборн» жейдесінде 24 ойын өткізіп, бес мәрте қақпа торын тулатса, екі нәтижелі пас берген. Ал жалпы кәсіби мансабында 199 матчқа қатысып, 65 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Сонымен қатар Лондондық «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Яя Саного мансабын Алматыдағы «Қайратта» жалғастырады. Бұл туралы Republika.rs сайты мәлімдеді. Дереккөздің хабарлауынша, 27 жастағы француз шабуылшысы сербиялық «Партизанмен» келіссөздер жүргізген. Бірақ тараптар жалақы туралы келісімге келе алмаған. Футболшы Белград клубынан бір маусымда 1 миллион еуро сұрады. Бұл «ақ-қаралар» үшін тым көп болғанымен, бірақ Қазақстанның қазіргі чемпионы үшін көп емес сияқты.

Саного - Осердің түлеі. 2013 жылы ол «Арсеналға» ауысты. Футболшы «Кристалл Пэлас», «Аякс» және «Чарльтон Атлетикке» жалға жіберілді. 2017 жылдан 2020 жылға дейін шабуылшы «Тулузада» ойнады. Ол Лига 1 лиганың 63 ойынында 12 гол соққан. Сонымен қатар Францияның жастар мен жасөспірімдер құрамасында ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-2020 нәтижелері бойынша Қайрат соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанды. Алматылықтар Чемпиондар лигасында ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров