Жарнама
Жарнама

Қуат клубын ауыстырмақ

15.07.2020, 03:38
«Оренбург» Премьер-лигадан ұшайын деп тұр.
Жарнама
Жарнама

Ресейлік «Оренбург» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат мансабын Ресей Премьер-лигасының басқа клубында жалғастыруы мүмкін.

27 жастағы ойыншының агенті оған қызығушылық танытып жатқан әлеуетті клубтармен келіссөздер жүргізуде. Келесі маусымнан бастап қазақстандық ойыншылар Ресейде легионер ретінде қарастырылмайды, сондықтан Куаттың мансабын РПЛ-де жалғастыру мүмкіндігі жоғары деп бағаланады.

Ресей Премьер-лигасының аяқталуына екі тур қалды, бірақ «Оренбург» 24 ұпаймен РПЛ-де соңғы 16-орында келеді. «Зенитке» қарсы келесі матчта Қуаттың клубы тең түссе немесе ұтылса, Премьер-лигадан ұшады - ойын 15 шілдеде Нұр Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Қуаттың "Оренбургпен" келісімшарты, Трансфермаркттың айтуы бойынша, келесі маусымның соңына дейін, яғни 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ол осы жылдың 1 қаңтарында Ресейге қоныс аударып, бар-жоғы үш матч өткізді - «Крылья Советов» (1:1), «Арсенал Тула» (1:0) және «Спартакқа» қарсы (1:3) ойнап, екі сары қағаз алды. Маусым қайта басталғаннан кейін Қуат алаңға қайта шықпады - ол коронавирустық індетке байланысты карантинде жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров