Жарнама
Жарнама

Қуат: «Команда Премьер-лигада қалғысы келеді»

09.07.2020, 20:01
«Оренбург» пен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат берген сұхбатында қазір не істеп жатқаны туралы айтып берді.
Жарнама
Жарнама

- Біз бұл тақырыпта мүлдем сөйлесе алмаймыз. Бізге мұны ешкіммен талқыламауды бұйырды.

- Сіз үнемі тест тапсырасыз ба?

- Иә, әрине. Біз тестті үнемі тапсырып отырамыз. Осы уақытқа дейін 6-7 рет өттім.

- Өзіңді қалай сезініп тұрсың? Белгілері бар ма?

- Мен өзімді жақсы сезінемін.

- Сіздің клубта оқшаулау режимі бар ма?

- Иә, бізде оқшаулау режимі бар. Біз үйдеміз, ешқайда бармаймыз. Бізге жергілікті аурухананың дәрігерлері келіп тұрады - телефон арқылы бақылап отырады.

- Сіз онлайн режимінде жаттығасыз ба?

- Ия, отырып тұру, кеудені жерден көтеру жаттығуларын жасаймын. Фитнес жаттықтырушысы не істеу керектігін көрсетеді. Мысалы, біз бес литрлік су ыдысын, сүлгіні және басқа тұрмыста қолданатын құралдарды алып, әртүрлі жаттығулар жасаймыз. Командада РПЛ-де қалуға деген көңіл-күй бар.

- Ресейде трибунаға он пайыз жанкүйерлер келуге рұқсат етілген. Сіздіңше, мұндай ережені Қазақстанда да қолдану мүмкін бе?

- Қазір бізде ауру өршіп тұрғандықтан олай жасамаған жөн

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров