Жарнама
Жарнама

Құралбек Ордабаев: «Билек өздігінен кеткісі келсе, оны жіберу керек»

23.08.2020, 21:14
Бірнеше күн бұрын Билек қызметінен кетті деген ақпарат шығып еді, бірақ кешегі матчта бас бапкер ретінде Билекті көрдік.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболының ардагері Құралбек Ордабаев "Астана" командасы мен ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билек жайлы өз пікірін білдірді.

- Ұлттық құраманың бас бапкері - бұл клубпен салыстырғанда мүлдем басқа жұмыс және басқа дайындық. Клуб бағдарламаны қаңтардан бастап қарашаға дейін жоспарлауы керек. Кейбір сарапшылар мұны жасайды, ал кейбіреулерінің қолынын келмейді. Менің ойымша, Билекті жұмыстан шығаруға әлі ерте, оған жұмыс істеуге уақыт берген дұрыс.

Беларуссияда бір матчта жеңіліп қалды? Біз клубтың интерьерін білмейміз. Менің ойымша, «Астана» біртіндеп бабына келе бастауда. Егер Билек өздігінен кеткісі келсе, онда оны жіберу керек, ал егер клуб оны босатса, онда бұл мүлдем басқа мәселе. Тағы да, жүйе барлық жерде шартты және қаржылық шығындарға түскісі келмейді.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы жақсы ойнады, бұл маманның әлеуеті бар және жұмыс істеуді біледі. Мүмкін, клубта біршама мәселе бар шығар, бірақ егер жаттықтырушы жұмыс істегісі келсе, оған мүмкіндік беру керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров