Жарнама
Жарнама

Құрама ойыншыларында қашан тұрақтылық болады

29.03.2013, 23:13
Жарнама
Жарнама
Германия – Қазақстан Қазақстан құрама командсы өз алаңында Германия құрамасынан 3-0 есебінен ұтылғаннан кейін сырт алаңға барып та тура үш гол айырмасымен тағы да жеңілді. Бұл ұлттық құрамамыздың Алмания жерінде өткізген екінші кездесуі. Осыдан тура 2 жыл бұрын 26 наурызда Қазақстан Германияға 4-0 есебімен есе жіберген болатын. Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында өткен ол кездесу бұл жолғыдай Нюрнбергте емес Кайзерслаутерн қаласында ойналған тұғын. 2 жыл бұрынғы кездесу мен кешегі ойынды салыстырып қарасақ. Не өзгерді? Одан бергі екі жылда қаншалықты дамыдық деген сауалға жауап іздесек. Алғашқы таймның ортасында 23-минуттан 31 минутқа дейінгі сегіз минуттық аралықта біз үш гол жіберіп үлгердік. Алдымен Марко Ройс алыстан нысананы дәл көздеді. Бұл жерде неміс комментаторлары қателік жасаған 8 нөмірдегі қорғаушы Дмитриенко деп көрсетті. Ал екінші голға тек Дмитриенко емес барлық орғаныс кінәлі деп санауға болады. Қорғаныста жүріп доптан айырылған Киров қауіпті жағдайдың туындауына басты себепкер болды. Допқа иелік еткен Филип ЛАМ допты алысымен Қайрат Нұрдәулетовті, Генрих Шмитгальды, Виктор Дмитриенконы алдап өтіп Марио Гетцеге пас берді. Бұл жерде Андрей Сидельников пен Мұхтар Мұхтаров «Боруссияның» жартылайқорғаушысына ешқандай кедергі келтіре алмады. Үшінші голдың соғылуына қорғаныстың қатесінен гөрі Месут Өзілдің жеке шеберлігінің мықтылығын айтқанымыз дұрыс сияқты. «Реал» ойыншысы Екі қазақстандықтың ортасынан Гюндоганға пас берді. Ал Илкайға соққы жасатып қойған Марк Гурман сылбыр қимылдады. Екінші таймның басы қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Германияның алаңында гол соғудың сәті түсті бұл жолы. Наурыз күні Астанада соғылмаған доп, Нюрнбергте соғылды. Қателік бұл жерде Мануэль Нойерден кетті. Допты алысқа теуіп жіберудің орнына, әріптесіне пас бергісі келген «Бавария» қақпашысы Жолшиевке тап болды. Нәтижесінде допқа бірінші жеткен Шмитгаль бос қақпаға допты тастай салды. 2011 жылғы кездесуде де жіберген төрт гол бұл жолы да айна қатесіз қайталанды. Сол кездесуде қақпамызға 2 голдан соққан Мюллер мен Клозенің орнын бұл жолы Марко Ройс басты. Және Ройстың екінші голы Клозенің 89-минутта соққан голымен тұспа-тұс келіп отыр. Екі жыл бұрынғы ойынға қатысқан ойыншылар мен бүгінгі ұлттық құрамамыздың футболшыларының тізімінде өзгеріс көп. Кайзерслаутернде өткен ойында алаңға шыққан ойыншылардан бұл жолы тек 4-еуі ғана қалыпты құрамада. Демек, 2 жылда ойыншылар құрамы 70 пайызға жаңарған. Ал енді немістерде алғашқы ойынмен салыстырғанда 2-ақ ойыншы алмасқан. Марио Гомес пен Хольгер Бадштубер жарақат алып қалмағанда 2011 жылғы кездесуге шыққан құрам толықтай қайталануы әбден ықтимал еді. Бұдан шығар тұжырым – құрам ойыншылары командада тұрақты өнер көрсетпейді. Сэр Алекс Фергюсонның сөзімен айтқанда бір құраммен команда 2-3 жыл тұрақты өнер көрсетпей ешқашан деңгейі бар, үйлесімді бір ұжымға айнала алмайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров