«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыев футболдан ҚР Біріншілігінің 3-турында «Таразға» қарсы өткен ойын жайлы өз ойымен бөлісті.
- Құрбан Бекиұлы, «Қайраттың» ойынына қандай баға бересіз?
- Біз ойлағандай қиын ойын болды. Кейбір ойыншыларымыз жарақат алып қалды. Алықұлов өз позициясында ойнамады. Бірақ жастар жақсы ойнады. Егер Баньяк қатарда болғанда, біз басқа жүйе бойынша ойнайтын едік, яғни төрт қорғаушымен.
- Жалолиддинов жайлы айта кетсеңіз, неліктен оны алмастырдыңыз?
- Жасурда қысым мен қобалжу болды. Жасур таланты мен шеберлігі өте жоғары ойыншы, ол шеберлігінің 50 пайызын да көрсете алмады.
Иә, қобалжу болды, бірақ алдағы уақытта ол бұдан да жақсы ойнайды деп айта аламын
Біздің серіктес: FONBET